Бектур Асанов, Азимбек Бекназаров, Жениш Молдокматов, Акылбек Айтбаев, Рита Карасартова, Али Шабдан, Темир Махмудовтар 20 сәуірге дейін №1 тергеу абақтысында қалады.
Қазір бұл іс бойынша тергеліп жатқан Орозайым Нарматова, Перизат Суранова, Нурлан Асанбеков, Талантбек Эшалиев үй қамақта отыр.
Былтыр 23-28 қазанда Қырғызстанда бір топ саясаткерлер мен белсенділер Кемпірабад су қоймасының Өзбекстанға берілуіне қарсы болып, акцияға шыққаннан кейін жаппай ұсталды. Бас-аяғы 30 адам қамауға алынған. Оларға "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып тағылды.