Мекеме мәліметінше, 28 ақпанда қырғыз арнайы қызметіне жергілікті бір әйел арызданып, оның бауырын Өзбекстан аумағында белгісіз біреулер кепілде ұстап отырғанын айтқан.
Мәліметтерге қарағанда, былтыр 23 қазанда Наманган облысының тұрғындары О.Т.Т. есімді азаматты Жалал-Абад облысы Ала-Букин ауданындағы "Баймақ" шекара бекетінен алдап Өзбекстанға өткізіп, сол жерде бес ай бойы ұстаған. Күдіктілер оның туыстарынан 50 мың доллар талап еткен, деп хабарлады ҰҚМК.
7 наурыздағы шұғыл іздестіру шарасы нәтижесінде кепілге түскен азамат Қырғызстанға жеткізіліп, туыстарына тапсырылды.
Өзбекстан арнайы қызметі енді ұсталғандарды қылмыстық жауапқа тарту ісімен айналысып жатыр.