Ссылки доступа

Ташкент Украинадағы соғыста өзбек азаматының қаза болғанын растады 


Ресей түрмесінен Украинадағы соғысқа жөнелтіліп, ол жақта құрбан болған өзбек азаматының сүйегі Хорезм облысына жеткізілді. Бұл туралы Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, Өзбекстанның 43 жастағы азаматы биыл 30 қаңтарда Украинаға жөнелтілген. Мәліметте Ресейде істеп жүрген өзбек азаматының не себептен түрмеге түскені жөнінде жазылған емес.

Өзбекстанның арнайы қызметі азаматтарына шетелдегі соғысқа қатысқандарға қылмыстық жауапкершілік барын ескерткен.

Осыған дейін Азаттықтың өзбек қызметі Самарқанд облысының екі тұрғыны Украинадағы соғыста өлгенін, олардың сүйегі отанына жеткізілгенін жазған. Бұдан бөлек соғыста тағы алты өзбекстандықтың қаза тапқаны, олардың бесеуі Ресейде жерленгені туралы мәліметтер шыққан.

XS
SM
MD
LG