10 наурыздағы үндеуінде ұйым тәжік президентінен Шамсиддиннің қай жерде қамалып отырғанын жариялауды және азаптауға жол бермес үшін, оның ісін бақылауға алуды өтінді.
Бұдан бөлек үндеуде Шамсиддинге айып тағу үшін жеткілікті дәлелдер жоқ екені және ол "тез арада бостандыққа шығуы тиіс" екені атап өтілген.
Amnesty International Абдулло Шамсиддиннің қамауға алынуын оның әкесі Шамсиддин Саидовтың саяси ісімен байланыстырады. Кезінде "Исламның қайта жаңғыруы партиясының" негізін қалаған Саид Абдулло Нуридің көмекшісі болған Саидов 2018 жылы Хатлон облыстық соты тарабынан сырттай 15 жылға сотталған.
Әзірге тәжік билігі халықаралық ұйымның бұл үндеуіне қатысты пікір білдірмеді.