Азаттыққа хабарлаған куәгерлердің айтуынша, Түркіменабад қаласының 3-шағын ауданында тұрғындардың көзінше, иттерді улаған. Олардың арасында иесі бар үй жануарлары да болған.
Тұрғындар Азаттыққа видео көріністерді де жіберген.
"Хроника Туркменистана" басылымының хабарлауынша, 6-7 наурызда Түркіменабад қаласында аулада ойнап жүрген балалардың көзінше, 15 иттің көзін жойған.
Былтыр Түркіменстан жануарларға қатыгездік көрсетуге тыйым салатын заң қабылдаған.