Ссылки доступа

Тәжік журналисі Хуршед Фозиловқа ресми айып тағылды 


Журналист Хуршед Фозилов
Журналист Хуршед Фозилов

Тәжікстанда таяуда ұсталған журналист Хуршед Фозиловқа Конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге жария түрде шақыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол қазір Худжандтағы тергеу абақтысында отыр. 

Хуршед Фозилов 6 наурызда Пенджикент қаласындағы еңбек, миграция және жұмыспен қамту басқармасы ғимаратында ұсталған. Ол қаңтар айынан бері сонда жұмыс істеген.

Журналист әлемуеттік желілерде белсенді болған.

Оның бауыры Хушбахт Фозиловтың айтуынша, Хуршед өзіне тағылған айыптардың бірімен де келіспейді.

Былтыр Тәжікстанда жеті бірдей журналист пен блогер ұсталған. Олар билікті күшпен өзгертпек болды және экстремизм бойынша айыпталып, 7 жылдан 21 жылға дейін түрме жазасына кесілді.

XS
SM
MD
LG