Ссылки доступа

Ресей азаматы Ташкентте жетінші қабаттан құлап өлген


Өзбекстан бас прокуратурасының Telegram-арнасында жарияланған сурет
Өзбекстан бас прокуратурасының Telegram-арнасында жарияланған сурет

Ташкент қаласында Ресей азаматы жетінші қабаттан құлап өлді. Бұл туралы Өзбекстан бас прокуратурасы хабарлады.

Мекеме мәліметінше, 1995 жылы туған Андрей Ш. есімді азамат Ташкент қаласындағы Мирабад ауданында жетінші қабаттан құлап өлген.

Тексеру барысында сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Қайғылы оқиға себебі анықталып жатыр.

Жақында Ташкентте Ресейдің тағы бір азаматы қайтыс болған. Ресейлік журналист Александр Нечаев пәтерлердің бірінде жүрек ауруынан өлген. Өзбекстан бас прокуратурасының мәліметінше, Нечаев денесінде көгерген іздер болмаған. Журналист өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG