Ссылки доступа

Қырғызстан үкіметі Бішкек әкімін тікелей сайлауға қарсы шықты


Қырғызстан үкіметі Бішкек қаласының әкімін тікелей сайлау туралы заң жобасына теріс баға берді. Бұл туралы Жогорку Кеңеш комитетінің 14 наурыздағы отырысында депутат Жанарбек Ақаев хабарлады.

Депутат "Жергілікті мемлекеттік әкімшілік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары туралы" және "Астана мәртебесі туралы" заңдарге өзгерту енгізуді ұсынған.

Ақаевтың айтуынша, үкімет тікелей сайлау тұрақсыздық туғызады деп сескенеді.

"2020 жылғы қазан оқиғасынан кейін Бішкекте 8 әкім ауысты. Оқиғадан кейінгі аз уақытта төрт әкім өзгерді. Тікейлей сайлаудан қайта тұрақтылық орнайды, себебі қала тұрғындары басшыны өздері сайлай алады", - деп есептейді Ақаев.

Комитет мүшелері заң жобасын бірінші оқылымда қолдаған.

Қырғызстан парламентіндегі "Альянс" фракциясы 2022 жылғы қарашада Бішкек әкімін тікелей сайлау туралы заң жобасын қоғаммен талқылауға ұсынған.

2021 жылғы қазанға дейін қала басшыларын қалалық кеңеш депутаттары сайлап келді. Үміткерлерді фракциялар мен премьер-министр ұсынды. Алайда кейін жергілікті өзін-өзін басқару туралы заң қабылданып, әкімдерді президент тағайындайтын болды. Бұған дейінгі парламент те әкімдерді тікелей сайлауды ұсынған, бірақ үкімет тарапынан қолдау таппаған.

XS
SM
MD
LG