Адвокат әлі сот шешімін алмаған. Заңгердің айтуынша, іс материалдарының мемлекет құпиясы жоқ томтарындағы құпияда ұстау туралы белгіні алып тастайтын болды.
"Тергеу мемлекет құпиясы туралы сөз болған уақытта іс материалдарына құпия мөрін соға алады. Іс материалдарының бәрінен құпия белгіні алып тастау жөнінде бірнеше шағым түсті. Сот менің арызымды қанағаттандырды", - дейді Тұрдәлиев.
Адвокаттың айтуынша, енді осы іске қатысты сот отырыстарының бәрі ашық өтуі тиіс. Мемлекет құпиясы бар материалдарды қараған уақытта ғана сот жабық болады.
2022 жылғы қазанда ІІМ жиырмадан астам саясаткер мен белсендіні "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға оқталды" деген күдікпен ұстады. БАҚ оны "Кемпірабад ісі" деп атады. Ұсталғандар істің саяси астары барын айтып, Кемпірабад су қоймасына қатысты ұстанымын ашық айтқандар қудалауға ұшырады деп мәлімдеді. Ақпан айында айыпталушыларды қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың сәуіріне дейін созылды.