Ссылки доступа

Өзбек билігі бекіткен Конституция жобасында президент мерзімі 7 жылға дейін ұзартылды


Өзбекстан Конституциясының парламент мақұлдаған жаңа нұсқасы 15 наурызда мемлекеттік баспасөзде жарияланды.

Жаңа Ата заңға 27 жаңа бап енгізіліп, баптардың жалпы саны 128-ден 155-ке дейін көбейді.

Констицияның жаңа нұсқасындағы 106-бапта президент мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартылған. Бір адам қатарынан екі мәрте ғана президент бола алатыны туралы бап өзгермеді.

Қарақалпақстан мәртебесіне қатысты баптар сақталды. 2022 жылғы маусымда жарияланған нұсқада Қарақалпақстанның "егемен" мәртебесі мен оның Өзбекстан құрамынан шығу құқығы туралы баптар түсіп қалған. Бұған наразы болған тұрғындар шілденің басында Нөкісте көшеге шығып, халық көтерілісі күшпен басылды.

Өзбекстанда Конституцияның жаңа нұсқасы жөніндегі жалпыхалықтық референдум 30 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG