Ссылки доступа

Қырғызстанда ұлттық гостипальдің бас дәрігері ұсталды


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Ұлттық госпиталь бас дәрігері Тоқтобай Маанаевтың үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ҰҚМК баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет мәліметінше, Маанаев үнемі ақша жинаумен, мемлекеттік сатып алуда жоғары баға көрсетумен айналысты деп айыпталған. Арнайы қызмет ұлттық госпиталь дәрігерлерінен ақша жинауға қатысты 20-дан астам оқиға тіркеген.

"Ол мемлекеттік сатып алудан да заңсыз табыс тапқан. Атап айтқанда, медициналық құрал-жабдықтар құны көтермелеп көрсетілген, қымбат дәрілерді жарамсызға жатқызып отырған", - деп хабарлады ҰҚМК.

Арнайы қызмет мәліметінше, 2022 жылғы қазанда ұлттық госпитальға дәрі жеткізу жұмысын тендерде жеңіп алған компания бюджетті 36 миллион сом ($410 мың) шығынға батырған.

Ұлттық госпитальда бір мыңнан астам науқас ем қабылдай алады. Тоқтобай Маанаев бас дәрігер қызметіне 2020 жылғы тамызда тағайындалған.

XS
SM
MD
LG