Ссылки доступа

Бішкекте "Кемпірабад ісімен" қамалғандарды жақтаушылар митинг өткізді


"Кемпірабад ісі" аясында ұсталғандарды қолдау акциясы. Бішкек, 2023 жылғы 17 наурыз.
"Кемпірабад ісі" аясында ұсталғандарды қолдау акциясы. Бішкек, 2023 жылғы 17 наурыз.

Бішкектегі Горький атындағы саябақта 17 наурызда "Кемпірабад ісі" аясында ұсталған саясаткерлер мен белсенділерді жақтаушылар бейбіт наразылық акциясына жиналды.

Олар "Кемпірабад ісімен" қамауда отырған азаматтарды босатуды, сөз еркіндігіне қысым жасауды доғаруды талап етіп, сот органдарын тәуелсіз болуға шақырды. Бұған қоса, акцияға жиналғандар Бішкектен бейбіт митинг өткізуге салынған тыйымды алып тастауды талап етті.

Бұның алдында, 14 наурызда Талас қаласында да "Кемпірабад ісі" аясында ұсталғандардың туыстары митинг өткізген. Акцияға қатысушылар президент Садыр Жапаровқа үндеу жолдап, саясаткерлер мен белсенділерді үйқамаққа шығаруды сұраған.

2022 жылғы қазанда ІІМ жиырмадан астам саясаткер мен белсендіні "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды" деген күдікпен ұстады. Баспасөз оны "Кемпірабад ісі" деп атап кетті. Кемпірабад су қоймасын қорғау комитетін құрмақ болған уақытта ұсталған азаматтар бұл істің саяси астарын айтып отыр.

XS
SM
MD
LG