Ссылки доступа

ОСК: Қазақстанда сағат 10.00-ге дейін сайлаушылардың 14,2 пайызы дауыс берді


Kazakhstan – an early parliamentary and maslikhats election. Shymkent, polling station #233, March 19, 2023
Kazakhstan – an early parliamentary and maslikhats election. Shymkent, polling station #233, March 19, 2023

Жексенбі күні Астана уақытымен таңертең сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша, бір миллион 710 мың 381 адам сайлау бюллетенін алды деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының өкілі Шауқат Өтемісов. Яғни сайлау тізіміне енгізілген азаматтардың 14,2 пайызы дауыс беру парағын алған.

Өтемісовтің сөзінше, сағат 10.00-ге дейін Астанада сайлаушылардың 13,5 пайызы, Алматыда 8,5 пайызы, Шымкентте 12,5 пайызы сайлау бюллетенін алған.

Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында 15 пайыздан көп адам дауыс берген. Абай, Алматы, Ақмола, Түркістан, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарында сайлаушылардың 15 пайыздан астамы сайлау бюллетенін алған.

Ал Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар және Жамбыл облыстарында тізімдегі сайлаушылардың 16 пайызы дауыс беруге барған.

Қазақстан бойынша 12 миллионнан астам адам сайлаушы тізіміне алынған.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақытпен жексенбі күні сағат 7.00-де басталды. Дауыс беру сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

XS
SM
MD
LG