Ссылки доступа

Дауыс беруге келген Назарбаев журналистер сауалына жауап бермей, бата беріп кетті (видео)


Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

19 наурыздағы сайлау күнінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы №393 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Бюллетеньдерді жәшікке салған соң, журналистер сауалға жауап беруін сұрады, экс-президент оның орнына бата берді де, үндемей кетіп қалды.

Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға дауыс беріп кеткенінен журналистердің көбі хабарсыз қалды. Ол алдын ала хабарланған уақыттан екі сағат бұрын дауыс беріп кеткенін тілшілер кеш естіді.

Жексенбі күні таңертең ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "мемлекет басшысы [жұмыс] кестесі өзгергендіктен, ертерек дауыс беріп кетті" деп хабарлады.

Министрлік өкілінің сөзінше, ол туралы көпшілікке ешкім хабарламаған.

Биылғы парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау аралас жүйемен өтіп жатыр. Мәжілістегі 98 депутаттың 69-ы партиялық тізіммен, қалған 29-ы бірмандатты округтерден өзін-өзі ұсыну арқылы сайланады.

XS
SM
MD
LG