Ссылки доступа

Қырғызстан алтынды шетелге сатуға тыйым салуды кейінге қалдырды


Қырғыз президенті Садыр Жапаровтың алтын кені мен алтын қоспасынсыртқа шығаруға тыйым салу жөніндегі жарлығын жүзеге асыру мерзімі кейінге шегерілді. Тау-кен кәсіподағы егер жарлық күшіне енетін болса, тау-кен компанияларындағы өндіріс процесіне қауіп төнеді деп мәлімдеді.

Сарапшылар мұндай жарлық шығармас бұрын, оның қалай жүзеге асуына дайындалуы керек деп есептейді.

«Егер концентрат сыртқа шығарылмаса, өндіріс тоқтайды. Кәсіпорын жұмысшыларға жалақы төлеуі тиіс. Егер ол сатылмаса, айлық қайдан келеді?», - дейді кәсіподақ төрағасының орынбасары Алмазбек Жакыпов.

Президент Садыр Жапаров 2020 жылы премьер-министр болып тұрған кезінде Ала-Бука және Чаткал ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде кеннен шығатын концентраттарды экспорттауға тыйым саламыз деген.

Былтыр қазан айында Жапаров тиісті жарлық шығарды.

Ол сонымен бірге билікке келгеннен кейін, 2021 жылдың басында тау-кен өндірісіне қатысты заңсыз игеріліп жатқан кен орындарын тексеру және қатаң бақылау жөнінде жарлыққа қол қойған.

Сарапшылар мұндай жарлық шығармас бұрын, оның қалай жүзеге асуына дайындалуы керек деп есептейді.

«Егер концентрат сыртқа шығарылмаса, өндіріс тоқтайды. Кәсіпорын жұмысшыларға жалақы төлеуі тиіс. Егер ол сатылмаса, айлық қайдан келеді?», - дейді кәсіподақ төрағасының орынбасары Алмазбек Жакыпов.

Президент Садыр Жапаров 2020 жылы премьер-министр болып тұрған кезінде Ала-Бука және Чаткал ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде кеннен шығатын алтын қоспасын экспорттауға тыйым саламыз деген.

2022 жылғы қазанда Жапаров алтынды шетелге сатуға тыйым салу жөнінде жарлық шығарды.

Жапаров билікке келген 2021 жылдың басында тау-кен өндірісіне қатысты заңсыз игеріліп жатқан кен орындарын тексере бастаған.

XS
SM
MD
LG