Ссылки доступа

Тәжікстанда бауырының қырқын берген азаматқа айыппұл салынды


Мұрағаттағы сурет
Мұрағаттағы сурет

Тәжікстанның Вахдат қаласында қайтыс болған ағасының 40 күндігіне орай ас берген тұрғынға айыппұл салынды.

Вахдат қалалық соты жергілікті тұрғын Идибек Саидовты «Салт-дәстүрді реттеу жөніндегі» заңды бұзып, бір қазан палау пісіріп, ас өткізді деп айыптап ақшалай айыппұл салды.

Заңға сәйкес, ас өткізу жергілікті биліктің ұсынысына сәйкес өтіп, мал сойылмауы тиіс болған.

Саидовқа салынған айыппұл сомасы айтылмаған. Бірақ былтыр рұқсатсыз ас отбасыларға 500-600 доллар көлемінде айыппұл салынған.

Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылы 1480 адамға айыппұл салынған.

«Салт-дәстүрді реттеу жөніндегі» заң 2007 жылы қабылданған. Оған сәйкес, үйлену тойына 150-ден астам адам қатыспауы тиіс. Ал еске алу асын өткізуге тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG