Ссылки доступа

Ауғанстандағы жер сілкінісі Шымкент пен Таразға да сезілді 


21 наурыз күні кешкісін Астана уақытымен сағат 21:48 шамасында Ауғанстанда магнитудасы 7,8 балл жер сілкінді. 

Әзірге құрбандар жайлы мәлімет жоқ. Жердің дүмпуін Қазақстанның Шымкент және Тараз тұрғындары да сезген. Мұнда жер сілкінісі 3 баллға жеткен.

Өзбекстанның Сейсмология мониторинг орталығы Сұрхандария облысында да жер сілкінісінің күші 5-6 баллға, Ташкент қаласында және басқа аймақтарда 4-5 баллға жеткенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG