Ссылки доступа

Жапония Қырғызстанға Баткен жолын салуға 5 млн доллар бөледі  


Жапония билігі Қырғызстанның Баткен облысына жол салу үшін 5,3 млн доллар көлемінде қайтарымсыз қаржы бөледі. Бұл жөнінде Қырғызстанның қаржы министрлігі хабарлады. 

Қаржы министрлігінде грант бөлу жөнінде екі елдің тиісті шенеуніктерінің келісімі өткен.

"Жобаның басты мақсаты Орталық Азия елдеріне логистика қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Баткен облысына жол салу. Бұл жолдың құрылысы табиғи апаттарға төтеп беретін болады", - деп хабарлады қаржы министрлігі.

Жапония былтыр қазан айында қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан кейін Баткен облысы өңірін дамытуға 1 млн доллар бөлген.

XS
SM
MD
LG