Ссылки доступа

Қырғызстанда "Мекен-карт" алу үшін құжаттар қабылдау басталды 


Мәскеудегі Қырғызстан елшілігі. Архив 
Мәскеудегі Қырғызстан елшілігі. Архив 

Қырғызстанның азаматтығынан шығып, басқа елдердің төлқұжатын алғандар үшін "Мекен-карт" алуға құжат қабылдау басталды. 

Бұл мәртебеге ие болғандар Қырғызстанда өтетін сайлауларға қатыса алмайды және мемлекеттік, муниципалдық қызметтерде істей алмайды. Қалған құқықтардың бәрін қолдана алады.

Елдің еңбек министрлігі "Мекен-карт" мәртебесін алу үшін шетелдегі Қырғызстанның елшіліктеріне, консулдықтарына хабарласуына болатынын жеткізді.

Қырғызстан тәуелсіздігін алғаннан бастап, Ресейге кетіп, сол елдің азаматтығын алған қырғызстандықтардың саны 600 мыңнан асады.

Қазір шетелде жұмыс істейтін қырғыз азаматтарының саны бір миллион 200 мыңнан асады.

“Мекен-карт” алған қырғызстандықтарға төмендегідей құқық беріледі.

  • Трихи отанына визасыз кіріп шығуға;
  • Жұмыс істеуге;
  • Білім алуға;
  • Медицина қызметін қолдануға;
  • Ата-анасынан және туыстарынан мұраға қалған жер үлесін 10 жыл пайдалануға келісім алуға;
  • “Мекен-карт” 10 жылға дейін жарамды.

Бұл құжат Қырғызстанмен көрші Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай азаматтығын алған қырғызстандықтарға берілмейді.

XS
SM
MD
LG