Ссылки доступа

Канадаға қоныс аударған тәжік дәрігері Торонто мэрі сыйлығына ие болды


Шахло Шәріпова
Шахло Шәріпова

Канадаға қоныс аударып, сонда дәрігер болып істейтін Шахло Шәріпова Торонто әкімдігінің жергілікті қауымдастыққа қосқан үлесі үшін сыйлығына ие болды.

Торонтода 19 наурызда өткен салтанатты жиында Шахло Шәріповаға аутизмге шалдыққан балалар отбасына көмектесетін ұйым қызметі үшін Агнес Макфейл атындағы дәстүрлі сыйлық табыс етілді.

Шәріпова Канада мүгедек балалардың ата-аналарының "Reach for change" Autism Thorncliffe park network" қозғалысын басқарады. Ұйым Канадажа 70-тен аса иммигрант отбасымен жұмыс істейді, аутизм диагнозы қойылғандарға көмектеседі, солардың құқықтарын қорғайды. Шәріпованы Торонтода "Доктор Шахло" деп атайды.

Шахло Шәріпова төрт баланың анасы, 2009 жылға дейін Душанбеде офтольмолог дәрігер болып істеген, ерікті ретінде жергілікті қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысқан. Ол баласының біріне аутизм диагнозы қойылуына байланысты Канадаға көшкен. Қазір оның ұлы 21 жаста. Тәжікстаннан Канадаға қоныс аударғанына 14 жыл болды. Енді ол осы елде аутизмге шалдыққан балалар мен олардың отбасыларына көмектесіп жүр. Канада азаматтығына ие Шахло Тәжікстанға да көмектесіп тұрады.

"Мен қазір дамыған елде тұрам, бірақ жобаларымыз арқылы Тәжікстанға да көмектесемін. Фандрайзингпен шұғылданамын. Инновациялық өнім пайда болып жатса, ол туралы Тәжікстандағыларға хабарлаймын", - дейді "Доктор Шахло".

Торонто - Канададағы ең ірі қалалардың бірі, мұнда иммигранттар, соның ішінде Тәжікстаннан қоныс аударған жүздеген отбасы тұрады.

XS
SM
MD
LG