Ссылки доступа

Сайлау қорытындысын жариялаған ОСК "аздаған құқық бұзушылық түпкі нәтижеге әсер етпеді" деді


 Окончательные итоги выборов в мажилис парламента-2023. Скрин с видео заседания Центральной избирательной комиссии
Окончательные итоги выборов в мажилис парламента-2023. Скрин с видео заседания Центральной избирательной комиссии

Бүгін, дүйсенбіде 19 наурызда өткен парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлаудың ресми қорытындысын жариялаған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров "сайлау кезіндегі аздаған құқық бұзушылықтар сайлау нәтижесіне әсер етпегенін" мәлімдеді.

Нұрлан Әбдіровтің сөзінше, сайлау кезінде заңды бұзғаны үшін комиссиялардың 19 мүшесі дереу шеттетілген.

- Заң бұзылғаны туралы материалдардың әлеуметтік желіге таралуына және сайлау комиссияларына өтініштер түсуіне байланысты біз Бас прокуратураға 19 наурызда - сайлау күні тексеру және құқықтық бағалау туралы сұрау жібердік. Бас прокуратураның ресми ақпараты бойынша, дауыс беру күні 42 адамның тарапынан құқық бұзушылық тіркеліп, олардың барлығы жауапқа тартылған. 7 учаскелік комиссия мүшесіне әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 108-бабы, ал 18 учаскелік комиссия мүшесіне 110-бабы бойынша айыппұл салынған. Алайда бұл іс-әрекеттер азаматтардың ерік білдіру нәтиежелеріне әсер етпеді. Және сайлау округіндегі немесе тиісті аумақтық әкімшщілік бірліктегі сайлау нәтижелерін сенімді түрде анықтауға мүмкіндік берді,-дейді Нұрлан Әбдіров.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының сөзіне қарағанда "бюлетеньді отбасы мүшелерінің атынан да сала салу, дауыс беруге арналған кабинада бір мезгілде бір адамнан артық болу секілді кемшіліктер бар.

19 наурызда өткен парламент және жергілікті мәслихаттар сайлауы кезінде және одан кейін сайлауға қатысқан тәуелсіз кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері және тәуелсіз байқаушылар учаскелік сайлау комиссияларының өрескел әрекеттері туралы көптеген мәлімдеме жасаған. Оның ішінде сайлау нәтижесін көрсететін хаттамаларды кандидаттар мен бақылаушылардың өздеріне бермей қою жағдайы да жиі кездескен. Кейбір кандидаттарды сайлау хаттамасының басым көпшілігін алғанын, ол бойынша жеңіске жетсе де "сайлаудан жеңілгенін" мәлімдеген.

Орталық сайлау комиссиясы бүгін таратқан қорытынды мәліметке қарағанда "Аманат" партиясы 53,9% дауыс алып, мәжілістегі 40 депутаттық орынды иеленген. 10,9% дауыс жинаған "Ауыл" партиясына 8 мандат, 8,59% дауыс алған Respublica партиясына 6 мандат, 8,81 пайыз дауыс алған "Ақ жол" партиясына 6 мандат, 6,8% пайыз дауыс алған Қазақстан халықтық партиясына 5 мандат, 5,2% дауыс алған ЖСДП-ға 4 мандат берілген.

2,3% дауыс жинаған "Байтақ" партиясы мәжіліске өтуі үшін белгіленген 5 пайыз межеден өте алмаған. Сайлаушылардың 3,9% пайызы "бәріне қарсымын" деп дауыс берген. Орталық сайлау комиссиясының қорытынды мәліметіне бұған дейін жарияланған экзит пол нәтижелерімен сай келеді.

Қазақстан 2022 жылы конституциялық реформадан кейін парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарды аралас сайлау жүйесіне көшірген. Партиялық тізім бойынша көп орын алған билікшіл "Аманат" партиясы бір мандатты округтерден де өз өкілдерін ұсынып, басым көпшілік орынды алған. Бұл сайлау нәтижесімен келіспейтіндер "билік аралас сайлау жүйесін ұсынғанымен шын мәнінде өзінің партиясына қайтадан көпшілік орын әперді" деп санайды.

XS
SM
MD
LG