Ссылки доступа

Бішкектегі мейрамханада төбелескен қырғыз депутаты мандаттан бас тартты


 Жаныбек Абиров
Жаныбек Абиров

Қырғызстан парламентінің депутаты Жаныбек Абиров 27 наурызда мандаттан бас тарту туралы өтініш жазды. Бұл туралы Орталық сайлау және референдум өткізу жөніндегі комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

ОСК мәліметінше, комиссия мүшелері Абиров өтініш қарап, депутат мандаты босаған соң президент екі ай ішінде астанада Ленин аудандық сайлау округында сайлау тағайындайды.

"ОСК мүшелерінің отырысы нақта қашан өтетіні әзірге белгісіз. Олар Абиров өтінішін қараған соң, "Қырғыз президенті мен Жогорку Кеңеш депутаттарын сайлау туралы" заңның 65-бабына сай, мемлекет басшысы екі ай ішінде сайлау тағайындайды", - деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.

Жаныбек Абиров астанадағы мейрамханалардың бірінде төбелес шығаруына байланысты депутат мандатынан бас тарту туралы арыз жазғанын 27 наурызда фейсбуктегі парағында мәлімдеді. Абиров осы оқиғадан соң "ЖК депутаты болуға моральдық құқығы жоқ екенін" жазды.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде Бішкектегі мейрамханалардың бірінде депутат Жаныбек Абировтың төбелес шығарғаны туралы видео тараған. 12 наурызда жәбірленуші милицияға арызданған. 14 наурызда Абиров төбелеске қатысқанын, "заңға сай жауап беруге әзір екенін" мәлімдеген.

Милиция мейрамхана маңындағы төбелестен соң екі күдікті ұсталғанын, "бұзақылық" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бас прокурор парламенттен Жаныбек Абировты қылмыстық жауапқа тартуға рұқсат сұрады. Жогорку Кеңеште 15 наурызда прокуратура арызын қарайтын комиссия құрылды.

XS
SM
MD
LG