Ссылки доступа

"Вагнер" үгіттеуімен түрмеден соғысқа кеткен тағы бір өзбек мигранты із-түссіз жоғалды


Родственники разыскивают еще одного узбекистанца, завербованного в ЧВК «Вагнер» из российской колонии
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:10:43 0:00

Ресейдегі колониядан Украинадағы соғысқа кеткен тағы бір өзбек мигрантын туыстары іздестіріп жатыр.

Ресейдегі колониялардың бірінде жазасын өтеп жүргенде "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы Украинадағы соғысқа үгіттеп алып кеткен тағы бір өзбек мигрантын туыстары іздестіріп жатыр.

2021 жылы Чита қаласының соты Қарақалпақстанда туған Хушнудбекті кісі өлтіргені үшін 8 жылға соттаған. Ол Краснояр өлкесіндегі №7 колонияда жазасын өтеп жүрген. 2022 жылғы қарашада оны Украинадағы соғысқа баруға көндірген.

Хушнудбектің інісі Ділшодбектің айтуынша, ағасы қамаудан тезірек құтылу үшін өз еркімен "Вагнермен" келісім-шартқа отырған. Бірнеше күннен соң оған белгісіз бір әйел телефон соғып, Хушнудбек оның ұлымен бірге Украинадағы соғысқа кеткенін айтқан, Ділшодбекке телефонға Strim қосымшасын жүктеуге кеңес берген.

"Ол әйел маған ағам осы қосымшаның көмегімен хабарласады деді. Ағам шынымен хабарласты. Желтоқсан айында, Жаңа жыл қарсаңында. Сосын тағы бір мәрте ресейлік нөмірмен қоңырау шалды", - дейді Ділшодбек.

№7 колониясы Краснояр өлкесі Емельянов ауданындағы "Ареское" ауылында орналасқан. Мұнда аса ауыр қылмысты бірінші рет жасағандар отыр.

Азаттықтың Тәжік қызметінің журналисі Ділшодбекпен сөйлескен Лилия есімді әйелге хабарласты. Оның айтуынша, ұлы "Вагнермен" келісім-шартқа отырып, Украинадағы соғысқа кеткен. Лилия түрмеден Украинадағы соғысқа алынғандарға қатаң бақылау орнатылғанын айтты.

Хушнудбектің отбасы оның тірі, не өлі екенін біле алмай отыр.

Еске салайық, 2022 жылғы қарашада "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының негізін қалаушы, "Путин аспазы" лақап атпен танымал Евгений Приножин Кроснояр өлкесіндегі №7 колонияға барған. Ресейдегі адам құқықтарын қорғаушы Иван Асташиннің мәліметінше, Пригожин осы колонияда жазасын өтеп жүрген 150 адамды Украинадағы соғысқа баруға көндірген.

2022 жылдың аяғында Ресейдегі колонияларда жазасын өтеп жүргендерді туыстарымен кездестірмей қойды. Адам құқықтарын қорғаушылардың айтуынша, "Вагнер" негізінен "отанын сату", "терроризм" немесе "экстремизм" секілді саяси баптармен сотталғандарды емес, "кісі өлтіру", "педофилия", "ұрлық" және "бұзақылық" баптарымен түрмеге түскендерді Украинадағы соғысқа баруға үгіттейді.

XS
SM
MD
LG