Биыл ақпанның соңынан бері Тәжікстанда бірнеше рет жер сілкінді. Олардың бірі 21 наурызда тіркеліп, тұрғындардың көбі үйіне кіруге қорқып, бірнеше сағат сыртта жүрген.
23 наурызға қараған түні болған жер сілкінісінен Соғды облысында 300-ден астам тұрғын үй қирап, ондаған мал өлген.
Жұмыс тобының мүшелері қираған ғимараттардың құрылыс ережесіне сәйкес салынбағанын анықтаған.