Ссылки доступа

Өзбекстанда жыл басынан бері 250-ден астам жер сілкінісі тіркелді 


2023 жылдың басынан бері Өзбекстанда және онымен шектесетін көрші елдердің аумағында 2,8 баллдан 6,8 баллға жеткен 250-ден астам жер сілкінісі тіркелді. 

Бұл туралы Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық болжам бойынша республикалық орталық мәлімдеді.

"Жер сілкінісінің тез-тез тіркелуі Өзбекстан үшін табиғи көрініс болып есептеледі. Себебі өлке географиялық жақтан Жерорта теңізі – Азия сейсмикалық белдеуінде орналасқан", - деп жазылған мәлімдемеде.

Соңғы он жылдың ішінде Өзбекстанда алты рет 6-8 баллдық жер сілкінісі тіркелген. Одан 16 адам қаза болып, 54-і жарақат алған. Үкімет зілзала келтірген шығынды 7,4 миллион долларға бағалаған.

21 наурызда Ауғанстанда 6,6 баллдық жер сілкінісі тіркеліп, көрші Өзбекстанда 4-6 балл болып сезілгені хабарланған.

XS
SM
MD
LG