Ссылки доступа

Түркияда түркімен белсенділерінің құқық қорғау ұйымы құрылды


“Hak Нukuga Daýanç” ("Құқық пен заңға тірек") ұйымының белгісі 

Түркияда түркімен белсенділері “Hak Нukuga Daýanç” ("Құқық пен заңға тірек") үкіметтік емес құқық қорғау ұйымын тіркеді. Ұйымның тұсау кесері 26 наурызда Стамбұлда өтті. 

Ұйымның төрағасы болып белсенді Дурсолтан Таганова сайланды.

Ол жиында түркімен мигранттары Түркіменстан билігінің әрекетсіздігінен шаршағанын, өздері құқық қорғау ұйымын құрып, азаматтарын қорғауға үйренетін кез туғанын жеткізді.

Түркияға жұмыс істеуге баратын түркіменстандықтар шетелде әртүрлі проблемаға тап болатынын, бірақ билік оларды қорғауға қауқарсыз екенін айтады белсенділер.

Түркияның миграция қызметінің мәліметінше, қазір бұл елде шамамен 222 090 түркімен азаматы бар. Бірақ заңсыз жүрген мигранттар саны көп.

XS
SM
MD
LG