Ссылки доступа

Өзбекстан Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге 100 баспана-контейнер жібереді


Өзбекстан Түркияның Хатай провинциясында зілзаладан зардап шеккендерге 100 баспана-контейнер жібереді. Бұл туралы Anadolu түрік агенттігі хабарлады.

Модульді үйлер 2016 жылы Стамбұлдағы өзбек диаспорасы құрған Seyhun білім және мәдениет қауымдастығының көмегімен құрылады. Әрбір контейнерге бір отбасы орналасады.

"Біз контейнерлерді Овакент ауданына орналастырамыз. 80-нен аса контейнер жинауға жететін құрылыс материалымыз бар. Біздің контейнерлер болтталатындықтан, оны қайта бұзып, басқа жерге көшіруге де болады", - дейді қауымдастық басшысы Тахир Абдуллах.

Ауданы 21 шаршы метрлік контейнердің ішінде жатын орын, әжетхана және ванна бөлмесі бар. Контейнерлер жылу ұстайтын затпен қапталған. Оларды 15 адамнан тұратын бригада құрып жатыр.

Қауымдастық басшысының айтуынша, Овакент ауданындағы жұмыстар 15 күнде аяқталады.

6 ақпанға қараған түні Түркияның оңтүстік-шығысы мен Сирияның солтүстік-батысында қуаты 7.8 баллдық зілзала болды. Ондаған мың адам баспанасыз қалды. Түркияда үш ай төтенше жағдай жарияланды.

XS
SM
MD
LG