Ссылки доступа

Германиядан депортацияланған тәжік оппозиционерінің ұлы 7 жылға сотталды 


Абдулло Шамсиддин
Абдулло Шамсиддин

Human Rights Watch (HRW) Халықаралық құқық қорғау ұйымы Германиядан депортацияланған Абдулло Шамсиддин 7 жылға бас бостандығынан айырылды деп мәлімдеді. Ол тәжік оппозиционері Шамсиддин Саидовтың ұлы. 

HRW мәліметінше, ол "Тәжікстанның конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге жария түрде шақырды" деп айыпталған.

Тәжік оппозициялық жаңалықтар қызметі Azda TV арнасы Душанбе қаласының Сино аудандық соты Абдулло Шамсиддинді Тәжікстанның Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша, (Тәжікстанның конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге жария түрде шақыру) айыпты деп таныған. Сот үкімі 28 наурызда шығарылған.

Еуропа елдерінің бірінде тұратын оның әкесі Шамсиддин Саидов ұлының сотталғаны туралы ақпаратты растады.

"Рахмон режимі менің әкемді өлтірді. Мені 15 жылға соттады. Енді ұлымды 7 жылға бас бостандығынан айырды" деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасына.

Azda TV арнасы дереккөзге сілтеме жасап, сот процесі кезінде Абдулло Шамсиддин наразылық акциясына қатысушылардың бірінің жазған постына "лайк" басқанын мойындаған.

XS
SM
MD
LG