Ссылки доступа

Түркіменстанда шетелге шығатын виза мен билет алып берушілер пайда болды


Ашғабат халықаралық әуежайы.
Ашғабат халықаралық әуежайы.

Түркіменстанда азаматтардың шетелге шығуы қиындап барады, бұл уақытта Лебап уәлаятында шетел визасы мен билет саудалаушылар пайда болды. Олар мұндай қызмет үшін бір мың доллардан астам ақы сұрайды.

"Олар Қазан мен Дубайға барғысы келетіндерге үш айлық виза мен билет алуға көмектеседі. Оларға биометрикалық паспорт пен 1200 доллар берсеңіз, он күннің ішінде үйіңізге виза мен билет әкеп береді", - деп хабарлады Азаттықтың Түркімен қызметінің тілшісі.

"Виза мен билетті заң аясында алуға талпынған азаматтар бюрократиялық кедергілерге тап болады. Олар айлар бойы виза ала алмай жүреді", - дейді Лебап уәлаятының бір тұрғыны.

Виза саудалаушылар Түркіменстанның шығыс өңірінде шетелге кеткісі келетіндер күннен күнге көбейіп келе жатқан уақытта пайда болды. Еңбек мигранттары негізінен Стамбұлға, Қазанға және Дубайға жұмыс істеуге баруды армандайды.

"Қазанға барғысы келетіндер үш айлық виза алады, сосын оның мерзімін создырып, сол жерде қалады. Дубайға кеткісі келетіндер арнайы түркімен қонақ үйіне тоқтайды, ол үшін тәулігіне 20 доллар төлейді. Тамағы да соның ішіне кіреді. Қонақ үйге тоқтағандар жұмыс іздейді. Мұнда түркімендер көп деседі. Түркияға виза алу қиындап кетті. Мысалы, 25 жасқа дейінгі әйелдер виза ала алмай жүр", - деп хабарлады тілші.

Ақпан айында түркімен азаматтарына биометрикалық паспорт беру уақытша тоқтағаны мәлім болды. Наурызда билік шетелге шығатын паспорт пен виза аштыру талабын қиындатты. Бұған қоса, түрік визасын алатындарға қоғам ісіне белсенді араласпау туралы қолхат жаздырып алады.

Осы аптада Қазақстанға баратын түркімен азаматтарынан елге қайтып оралатыны туралы кепілхат талап еткені мәлім болды.

XS
SM
MD
LG