Ссылки доступа

Қырғыз арнайы қызметі жалған паспорт жасатқысы келген өзбек азаматын ұстады


Өзбекстан азаматы қырғыз паспортын сатып алғысы келгені үшін ұсталды
Өзбекстан азаматы қырғыз паспортын сатып алғысы келгені үшін ұсталды

Өзбекстан азаматы қырғыз паспортын заңсыз алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

Арнайы қызмет мәліметінше, күдікті "Ислам мемлекеті" халықаралық террористік ұйымы эмиссарларының (арнайы қызметтің немесе ұйымның басқа бір елге түрлі тапсырмалар орындау үшін жіберілген арнайы өкілі) көмегімен ұсталды. Мәліметке қарағанда, ер азамат Сириядағы әскери қимылдар аймағына бару мақсатында Қырғызстан азаматының жалған паспортын алуға талпынған.

Ұсталған өзбек азаматы өз елінде "террористік әрекетке қатысы бар" деген күдікпен іздестірілген. Тергеу жүріп жатыр.

29 наурызда Ошта террористік әрекетке қатысы бар өзбек азаматтары үшін қырғыз паспортын алып беруге әрекеттенген бір әйел ұсталғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG