Ссылки доступа

Жарапазан айтқан қырғыз балаларының ата-аналарына айыппұл салынды


Оштағы Сүлайман-Тоо
Оштағы Сүлайман-Тоо

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласының милициясы түнде көшеде қараусыз жүрген 116 жасөспірімді анықтады. Бұл туралы Ош милициясы хабарлады.

Мекеме мәліметінше, бір топ жас түнде жарапазан айтып, қайыр тілеумен айналысқан.

Құқық қорғаушылар қараусыз жүрген балалардың ата-аналарына "ата-ана міндетін орындамай" бабы негізінде әкімшілік айып тақты.

53 жасөспірім балаларды оңалту орталығына жеткізілген, 14 бала ата-анасына табысталған.

"Рамазан айында Ош облысында мейрамды сылтауратып, ақша табу мақсатында жарапазан айтатындар көбейді. Мұндай іспен әсіресе қараусыз қалған балалар айналысады", - деп хабарлады милиция.

Заңда кәмелет жасқа толмаған балаларға түнде қоғамдық орындарда ата-анасыз жүруге тыйым салынған.

Қырғызстанда Рамазан айы, Орталық Азиядағы басқа да республикалармен бір уақытта, 23 наурызда басталды.

XS
SM
MD
LG