Ол Тәжікстанға сапары барысында үкіметтің жоғары лауазымды тұлғаларымен, діни өкілдермен және азаматтық белсенділермен кездеспек. Назила Ганея тәжік билігінен Хорог пен Худжанд қалаларына баруға да рұқсат сұрады.
Ганея 21 сәуірде Тәжікстанға сапарының қорытындысы жайлы баспасөз мәслихатын өткізуді де жоспарлаған.
Тәжікстандағы діни еркіндік жайлы баяндамасы 2024 жылдың наурыз айында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде таныстырылмақ.
БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Назила Ганея 11-21 сәуір күндері Тәжікстанға барып, осы елдегі діни еркіндік мәселесін зерттемек.