Ссылки доступа

Қырғыз балуаны Ақжол Махмудов үшінші рет Азия чемпионы атанды 


Қырғыз балуаны Ақжол Махмудов 9 сәуірде Астанада басталған Азия чемпионатында алтын медальді жеңіп алды.   

Спортшы грек-рим бойынша турнирде 77 келі салмақ бойынша жарысқа қатысқан. Ширек финалда түркімен спортшысын 9:0, жартылай финалда Жапон спортшысын 9:1 есебінде жеңді.

Финалда ол Иран балуанымен шығуы керек болған. Бірақ ол жарақат алып, финалға шығудан бас тартты. Алтын жүлде Мухмудовқа берілді.

Осылайша 24 жастағы Ақжол Махмудов үшінші рет Азия чемпионы атанды.

XS
SM
MD
LG