Ссылки доступа

Түркіменстан мешіттерінде президенттің әжесіне құран бағыштау міндеттелді


Ашғабад 
Ашғабад 

Түркіменстанның Мары облысында мешітке келгендерден ел президенті Сердар Бердімұхамедовтің өткен аптада қаза болған әжесіне құран бағыштау міндеттелсе, Балкан облысының имамы мешіттерге марқұмға арнап құран оқу бұйрығы берілген. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады. 

"Мешіт имамдары намаз оқуға келген азаматтардан президенттің әжесіне де құран бағыштауды міндеттеп жатыр", - деп хабарлады радионың аймақтағы тілшісі.

Президент Сердар Бердімұхамедовтің әжесі, парламент (Халық мәслихаты) төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің анасы Огулабат Бердімұхамедова 7 сәуірде, 88 жасына қараған шағында өмірден өтті.

Осыған дейін президенттің әжесінің қайтыс болуына байланысты, Түркіменстанның барлық өңірінде 15 сәуірге дейін ойын-сауық, үйлену тойларын жасауға тыйым салынғаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG