Ссылки доступа

Тойда билігендерді қуып таратуға тырысқан тәжік молдасы 6 жылға сотталды


Абдулҳаннон Маннонов
Абдулҳаннон Маннонов

Тәжік соты 51 жастағы молда Абдулханнон Манноновқа үкім шығарды. Ол бір туысының үйлену тойында билегендерді қуып таратуға талпынған.

Үкім өткен аптаның соңында оқылды. Сот оны экстремизмге үндегені үшін кінәлі деп таныды.

Дін қызметкерінің адвокаты Саидджаббор Әлиев сот үкімін растады, бірақ істің басқа да мән-жайын айтудан бас тартты.

2023 жылғы қаңтарда әлеуметтік желілерде дін қызметкерінің үйлену тойында ортаға шығып билегендерді, ән айтқандарды қуып таратуға тырысқаны бейнеленген видео жарияланған. Молда қонақтарды балағаттан. Әлеуметтік желі қолданушылар дін қызметкерінің әрекетін сынаған.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі 27 қаңтарда бұл видеоның молда Абдулханнон Манноновтың бір туысының үйлену тойында түсірілгенін хабарлаған. Маннонов милиция дайындаған видеосюжетте кемшілігін кеш түсінгенін мойындап, кешірім сұраған.

XS
SM
MD
LG