Ссылки доступа

Ауғанстанда қарсылық майданы қолбасшыларының бірі мерт болды


 Акмал Амири
Акмал Амири

Ауғанстан ұлттық қарсылық майданы қолбасшыларының бірі Акмал Амири мен оның жеті жақтасының көзі жойылды, деп хабарлады "Талибан".

Бұл уақытта желіде тәліптердің мәліметін жоққа шығарып жатыр. Майдан қолбасшыларының бірі Азаттықтың Тәжік қызметіне "тәліптермен кескілескен ұрыс болғанын, бірақ Акмал Амиридің өлімін дәлелдейтін айғақ жоқ" екенін айтқан.

Талибан үкіметінің қорғаныс министрлігі Акмал Амири өлтірілгенін хабарлады. Министрлік баспасөз хатшысы Иноятулла Хоразмидің мәлімдеуінше, "313 орталық корпус Парван провинциясы Саланг ауданындағы бүлікшілерге қарсы операция өткізді, соның нәтижесінде қолбасшы Акмал Амири бастаған сегіз адамның көзі жойылды" деп мәлімдеді.

Ол әскери операция қай уақытта өткенін айтпады, бірақ ұрыс барысында бейбіт тұрғын зардап шекпегенін атап өтті.

Бұл уақытта Ұлттық қарсылық майданының жетекшісі Ахмад Масуд фейсбуктегі парағында қолбасшы Акмал Амири, Басирахмад Андараби және тағы бірнеше адам тәліптермен ұрыста мерт болғанын жазды.

Акмал Амири тәліптер биліктен тайдырған ауған үкіметі ұлттық армиясы офицерлерінің бірі болған. Тәліптер екі жыл бұрын Кабулды басып алған уақытта ол Ауғанстан ұлттық қарсылық майданына қосылған.

XS
SM
MD
LG