Ссылки доступа

АҚШ-тың Тәжікстандағы жаңа елшісі қоғам белсенділерімен тұрақты кездесіп тұруға ниетті 


АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Мануэль Микаллер
АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Мануэль Микаллер

АҚШ-тың Тәжікстандағы жаңа елшісі Мануэль Микаллер бұл елдегі қоғам өкілдерімен тұрақты кездесіп тұруға ниетті екенін жеткізді.  

Елші 12 сәуірде Душанбеде баспасөз мәслихатын өткізіп, тәжік үкіметі адам құқықтарына байланысты барлық халықаралық міндеттемелерді және Конституцияның талаптарын сақтайды деген сенімін білдірді.

"АҚШ адам құқықтары, дін және сөз еркіндігін қолдай береді. Бұл тармақта біз үкімет, азаматтық қоғам, журналистер және құқық қорғау ұйымдарымен жұмыс істейміз. Біз азаматтық қоғаммен диалогты дамытамыз", - деді елші.

АҚШ елшісі бұл мәлімдемесін Тәжікстанда адам құқықтары мәселесі халықаралық ұйымдар тарапынан сынға қалып жатқан тұста айтылды.

XS
SM
MD
LG