Ссылки доступа

Тәжікстанда тағы бір сарбаз әскерде қайтыс болды


Тәжікстанда армияда қайтыс болған сарбаз Ибодулло Додовтың сүйегі 10 сәуірде туыстарына тапсырылды.

18 жастағы Ибодулло Додов армияға былтыр қарашада кеткен. Марқұмның әкесі Лоик Додовтың 12 сәуірде Азаттықтың Тәжік қызметіне хабарлауынша, сарбаздың неден қайтыс болғанын туыстары білмейді.

Додов ұлымен 9 сәуірде телефонмен сөйлескен, ал ертесіне оның сүйегін алып кетуге барған. "Телефонмен сөйлескен уақытта ол денсаулығы жақсы екенін айтқан", - дейді марқұмның әкесі.

Ибодулло Додов Вахдат қаласындағы әскери бөлімде қызмет еткен. Марқұмның әкесі құқық қорғау органдарына арызданған.

Ибодулланың бір туысының айтуынша, "оны желкесінен ұрып өлтірген". Лоик Додов ұлының өлімі соққыдан болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, бірақ ресми қорытындыны күтіп отыр.

Бірнеше ай бұрын 26 жастағы сарбаз Лутфулло Давлатмахмад әскерде қайтыс болған. Сол кезде билік оның пневмониядан өлгенін айтқан.

Тәжікстан үкіметінің БҰҰ-ға тапсырған есебіне қарағанда, үш жылдың ішінде (2019-2021 жылдары) 100-ден аса сарбаз әскерде қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG