Ссылки доступа

Ресейде үш өзбек мигранты өртенген үйде қаза болды


Ресейдің Томск облысында бір тұрғын үй өртеніп, Өзбекстанның үш азаматы қаза болды. Бұл туралы VTomske басылымы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, Асино қаласындағы ағаш үй 15 сәуірге қараған түні өртенген. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жанып кеткен үйдің астынан 1975, 1989 және 2002 жылдары туған үш ер азаматтың денесін алып шыққан. Олардың бәрі Өзбекстан азаматы екені анықталған.

Осы оқиғадан соң, 16 сәуірде, Асино қаласында "Стройдоммонтаж-М" кәсіпорынында істейтін 43 жастағы ер азамат ұсталды. Бұл ұйым құрылыс және жөндеу қызметтерін ұсынады, жалдамалы жұмысшылар, соның ішінде еңбек мигранттарын тартады. Үйін өзбек мигранттарына жалға берген азамат оны үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді деп айыптап отыр.

Тергеушілер күдіктіге өрт қауіпсіздігі ережесін бұзды, соның салдарынан бірнеше адам өлді деп айыптады.

XS
SM
MD
LG