Комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Самаев "Тоқмақ Жылуулук" қалалық кәсіпорнында "жемқорлықпен тұрақты түрде айналысатын топ" ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған. Арнайы қызмет орталық жылу желісіне Тоқмақтағы жеке үйлер заңсыз қосылғанын, содан түскен ақшаны Самаевтың өзі алып отырғанын анықтаған.
"Қызмет бабын асыра пайдалану" бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Сот Самаевқа бұлтартпас шарасын қолдану мәселесін ертең, 19 сәуірде қарайды.
Азаттықтың Қырғыз қызметіне сұқбат берген Тоқмақ қалалық кеңешінің депутаты Чолпон Сыдықова қала басшысы 17 сәуірде кешке ұсталғанын айтты.
Урмат Самаев Тоқмақ әкімі қызметіне 2021 жылғы тамызда тағайындалған. Оған дейін "Қырғызстан" партиясынан Жогорку Кеңеш депутаты болған. 2020 жылғы қазандағы парламент сайлауына ол "Мекенім Қырғызстан" партиясы атынан түскен.