Ссылки доступа

Өзбекстан ІІМ мүгедекті ұстауға арнайы жасақ жіберген


Өзбекстан ішкі істер министрлігі Наманган облысындағы "Маргилан" мақаласының 34 жастағы тұрғыны Шерзод Омаровты ұстау үшін 50 адам аса қызметкерін жолдаған. Бұзақылық жасады деп айыпталған күдікті екінші топтағы мүгедек, психиатриялық клиникада есепте тұр.

Шерзод Омаровтың анасы мен екі әпкесін ІІМ қызметкерлері соққыға жыққан. Олар ешқандай ордер көрсетпеген, бетперде таққан адамдарға қарсылық көрсетуге талпынған.

Күдіктінің әпкесі Зухра Омарова құқық қорғау органдары қызметкерлерінің озбыр әрекеті салдарынан ішіндегі баласынан айрылып қалғанын айтты. Ол тұңғышының дүниеге келуін 12 жыл күткен.

Шерзод Омаровтың анасы Айша Нүриддинованың айтуынша, арнайы жасақ ұлын ұстау үшін үйге баса-көктеп кірген. 32 жастағы Зухра Омарова құқық қорғау органдарының қызметкерлері оның анасы мен сіңлісін де аямағанын айтты.

"Үйге ІІМ мен Ұлттық ұлан қызметкерлері баса-көктеп кірді. Олар бетіне қара маска таққан, қара киім киген. Мен үш жастағы жиенімді алып кеткім келген, бірақ қызметкерлердің бірі мойнымнан ұстап тұрып сол көзіммен ұрды. Көзім қарауытып кетті, жерге құладым. Сосын олар нақақтан-нақақ анам мен сіңлімді ұра бастады", - дейді Зухра.

Рейд жүріп жатқан кезде Шерзод Омаров үйден қашып кеткен. ІІМ баспасөз қызметі 11 сәуірде күдіктіге іздеу жарияланғанын, оған кісі зорлады деген айып тағылғанын хабарлаған.

"Биыл 1 сәуірде сағат 23:30-да Наманганның 1989 жылы туған тұрғыны Шерзод Омаров Бабур саябағында кәмелет жасқа толмаған қызды үйіне шығарып саламын деп алдаған. Бірақ оны белгісіз пәтерге ертіп барып, сол жерде зорлаған", –​ деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Айта кетерлік жайт, ІІМ Шерзод Омаровты "күдікті" деп атамаған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Алайда арнайы жасақ күдіті үйіне келген уақытта оған мұндай ауыр қылмыс тағылмаған.

Екі апта бұрын милицияның баспасөз қызметі Омаровты бұзақылық әрекет жасады деп хабарлаған. "27 наурызда Омаров Наманганда екі жасөспірімді ұрды" деген.

Шерзод Омаровтың туыстары мүгедек жігітке мұндай ауыр айыптар оның анасы мен әпкелерін ұру оқиғасын "жасыру" мақсатында тағылды деп есептейді.

Айша Нүриддинова ұлы Шерзод Омаровты ұстаған кезде оны да аяусыз ұрды деп айтып отыр. "Оны қалалық бөлімде көрдім. Аясуз сабаған, үсті-басы қан-қан", - дейді күдіктінің анасы.

XS
SM
MD
LG