Ссылки доступа

Ирак президенті Тәжікстанға ресми шақырту алды


Ирак президенті Абдул Латиф Рәшид Тәжікстанға ресми шақырту алды. Тәжік президенті Эмомали Рахмон шақыру қағазды Тәжікстанның Ирактағы елшісі Зубайдулло Зубайдовтан беріп жіберді, деп хабарлады Ирак президентінің баспасөз қызметі.

Ресми мәліметке қарағанда, Абдул Латиф Рәшид тәжік елшісімен кездесуде әлемдегі бейбітшілік үшін екіжақты қарым-қатынасты дамыту аса маңызды екенін айтқан. Ол Тәжікстанның Бағдадтағы елшілігін ашу қажет деп мәлімдеген.

Тәжікстан елшісі Зубайдулло Зубайдов Душанбе Бағдадпен диалог орнатып, екіжақты қарым-қатынасты дамытқысы келетінін айтқан.

Тәжікстан СІМ Ирак президентін Душанбеге шақырғаны туралы ресми мәлімет таратқан жоқ.

XS
SM
MD
LG