Тергеу мәліметінше, ол келінін балағаттап, ұрып келген.
Қайғылы оқиға 2022 жылдың мамыр айында болған. Сол күні енесі келінін көршілерінің көзінше балағаттап, ұрлық жасадың деп айыптаған. Кешкісін келіні асүйде өзіне қол жұмсап қайтыс болған.
Марқұм Гулнисо Абдуназарова әке-шешесінен ерте айырылған екен. Әжесі мен атасының қолында өскен.