Зафар Кодирзодаға жемқорлық пен алаяқтық жасады деген айыптар тағылған. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 2022 жылғы желтоқсанда Зафар Кодирзоданы Таулы Бадахшан автономиялы облысы сотының судьясы қызметіне тағайындаған.
Дереккөздер қылмыс іс туралы бұдан басқа мәлімет бермеді, бірақ Завар Кодирзода қылмыстардың бірқатарын Вахдат қалалық сотында, қалғандарын Таулы Бадахшанда судья болып істеген уақытта жасағанын айтты.
Зафар Кодирзода мен оның туыстарының тағылған айыптарға қатысты пікірін білу мүмкін болмай отыр.
Тәжікстанда судьяларды президент Рахмон тағайындайды және қызметтен алады. Мемлекет басшысының жарлығын парламент бекітуі тиіс.
Зафар Кодирзоданы судья қызметінен босату туралы жарлық ресми БАҚ-та және Тәжікстан президентінің сайтында әзірге жарияланбады. Озоди радиосы дереккөздерінің хабарлауынша, Кодирзода астанадағы тергеу изоляторында отыр.