Ссылки доступа

Садыр Жапаров пен Дональд Лу қырғыз-америка ынтымақтастығын талқылады 


Қырғыз президенті Садыр Жапаров 24 сәуірде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Дональд Луды қабылдады. 

Президенттің баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне қарағанда, Садыр Жапаров Лу мырзаның Қырғызстанға сапарын екі елдің қарым-қатынасының бұдан әрі дамуына түрткі болатын жақсы белгі деп бағалаған.

Президент Қырғызстанның шетелдік инвесторларға ашық екенін жеткізген.

Дональд Лу өз кезегінде АҚШ-тың Қырғызстанмен цифрлық экономика саласында қарым-қатынастың дамуына мүдделі екенін білдірген.

XS
SM
MD
LG