Ссылки доступа

Ташкентте "Автокөліксіз бір күн" акциясы өтеді


28 сәуірде Ташкент қаласында "Автокөліксіз бір күн" акциясы ұйымдастырылады. Бұл туралы Өзбекстан астанасы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай акция әлемде 1995 жылдан бері өтіп келеді.

"Бұл шара халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау, улы газдардың ауаға тарауын мейлінше азайту үшін қажет", - деп хабарлады Ташкент басшылығы.

Бұл күні автокөлік қозғалысын азайтуды көздейтін түрлі шаралар ұйымдастырылып, қоғамдық көлік пен велосипедпен, жаяу жүрудің пайдасы насихатталады.

Акция 28 сәуірде Ташкент қаласының түрлі аудандарында өтеді.

XS
SM
MD
LG