Ссылки доступа

БҰҰ өкілдері Тәжікстан үкіметін памирліктерді қудалады деп сынады (видео)


Эксперты ООН отчитали правительство Таджикистана за репрессии памирцев
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:28 0:00

БҰҰ-ның нәсіліне қарай алалауды жою жөніндегі комитеті жақында Тәжікстандағы аз ұлттар мен этникалық топтардың жағдайына қатысты бағасын береді.

Өткен аптада комитет өкілдері екі күн бойы Тәжікстан үкіметінің халықаралық конвенция талаптары қаншалықты орындалғаны туралы баяндамасын тыңдап, Бадахшан тұрғындарының жағдайы мен осы өңірде болған жанжалдар, сонымен бірге люлилер (Орталық Азия сығандары) мен ауған босқындары туралы сауал қойды. Шараның "сұрақ-жауап" форматындағы бөлігі 6 сағаттан астам уақытқа созылды.

Тәжік үкіметі өкілдерінің Бадахшан тұрғындарының жағдайы туралы жауабын тыңдаған комитет өкілі Шейха Абдулла Әли әл-Миснед: "Мақұл делік, памирліктер де тәжіктерге жататын болса, онда неге оларға тәжік рәтінде қарамайды, неге памир халқы үнемі қудаланады?" - деп сұрады.

Тәжікстан делегациясы министрлер мен басқа да лауазымы жоғары шенеуніктерден тұрады. БҰҰ өкілдері олардан памирліктер мекендеген Бадахшанда қуғын-сүргін мен қантөгіс неге тыйылмай жатқанына нақты жауап беруді талап етті. Тәжікстан ішкі істер министрінің орынбасары Әбдірахмон Аламшозода Таулы Бадахшандағы жағдайды ушықтырғысы келетін экстремистік, террористік ұйымдарға қатысы бар қылмыстық топтар осы өңірдегі тәртіпсіздіктерге себеп болды деп жауап берді. "Олар Ауғанстандағы "Әл Каида", ИШИМ, "Аңсаруллох" және басқа да террористік ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан. Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы қылмыстық топтардың жетекшілері террористік топтардың басшыларымен телефонмен сөйлесіп жүрген", - деп мәлімдеді ІІМ басшысының орынбсары.

2022 жылғы мамырда Хорог тұрғындары наразылық акциясына шығып, Гүлбиддин Зиёбековті өлтіргендерді жазалуды, ТБАО төрағасы мен Хорог басшын қызметтен алуды талап етті. Билік көтерілісті басу үшін өңірге әскер жіберіп, наразылыққа қатысқандарды "ұйымдасқан қылмыстық топ" деп атады. Бірақ өңірдегі Рушан ауданының тұрғындары әскери колонна өтетін жолды жапты. Тәжікстан ІІМ наразы топ әскерге шабуылдады деп хабарлап, "терроризмге қарсы операция" басталғанын жариялады. Хорог пен Рушандағы арнайы операция кезінде ондаған адам өлді, наразылық акциясына қатысқан 100-ден аса адам ұсталды, ондаған памирлік белсенді ұзақ жылдарға сотталды, жүздеген адам шетелге қашуға мәжбүр болды.

БҰҰ сессиясында 20-21 сәуір күндері Тәжікстан үкіметінің аз ұлттар мен этникалық топтардың жағдайы туралы баяндамасы талқыланды. Ұйым сарапшылары Бадахшандағы адам құқықын қорғаушылар мен белсенділерге жасалған қысым туралы мәселе көтерді.

БҰҰ комитетінің өкілдері тәжік үкіметінің 30 ауған босқынын Ауғанстанға қайтару туралы шешімін сынады. Ұйым сессиясында люлилердің жағдайы да сөз болды. БҰҰ мамандары өңірде Орталық Азия сығандарын әлі күнге дейін алалайтынын, Тәжікстан үкіметі олардың құқықтарын қорғауға құлықты еместігін айтты.

Сессия аяқталған соң БҰҰ комитеті Тәжікстан үкіметіне беретін кеңестерін жариялады.

XS
SM
MD
LG