Ссылки доступа

Былтыр 220 мың өзбек азаматы Қырғызстанда уақытша тіркелген


Қырғыз парламенті комитетінің отырысында цифрлы даму министрінің орынбасары Жазгүл Киізбаева 2022 жылы Қырғызстанда 220 мың өзбек азаматы уақытша тіркелгенін хабарлады.

Қырғызстанда уақытша тіркелген азаматтар елде 60 күн бойы еркін жүріп-тұра алады.

"Қырғызстанға келген өзбек азаматтары бес күннен соң 60 күнге тіркелуі тиіс. былтыр Халыққа қызмет көрсету орталығы 220 мыңнан аса өзбекстандықты тіркеді. Биыл үш айда Өзбекстанның 53 мың азаматы тіркеуге алынды", - дейді Киізбаева.

Оның айтуынша, Қырғызстанға келген өзбек азаматтары негізінен құрылыста жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG