Ссылки доступа

Тәжік күштері "террористік ұйымның екі мүшесінің көзін жойғанын" хабарлады


Тәжікстан құқық қорғау органдары тәжік-ауған шекарасында "халықаралық террористік ұйымның екі мүшесінің көзін жойды". Бұл туралы Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.

Арнайы қызмет нақты қай террористік ұйым екенін айтпады.

Терроризммен күрес операциясы 26 сәуірде таңертең Таулы Бадахшанның Ванч ауданында өткен. Мәліметтерге қарағанда, олар Тәжікстан аумағында террористік шабуыл ұйымдастыру мақсатында шекарадан заңсыз өткен.

"Терроризммен күрес операциясы нәтижесінде содырлардың көзі жойылды. Оқиға орнында 2 Калашников автоматы, 2 шетел тапаншасы, 8 қолдан жасалған граната, 12 оқсалғыш, 19 жарылғыш, 2 арнайы байланыс құралы және 2 мобильді телефон табылды" деп хабарлады арнайы қызмет.

Бұның алдында Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымы Ауғанстанда террористік топтардың белсенділігі артқанына алаңдаған.

Біріккен Ұлттар Ұйымы да қазір Ауғанстанда ИШИМ, "Әл-Қаида", "Техрики Талибан Пәкістан", Өзбекстан ислам қозғалысы, "Ансоруллох", "Ислам жихады" және басқа да террористік және экстремистік топтар шоғырланғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG