Кездесу Қырғызстанның Баткен қаласында өткен.
"Кездесу барысында үш елдің өкілдері мемлекеттік шекараларының түйісетін жерін анықтау бойынша пікір алмасты. Пікір алмасу өзара түсіністік жағдайында өтті", - деп хабарлады қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі.
Келесі кездесу Тәжікстан аймағында өтетін болады.
Үш ел ортақ шекараға ие. Қырғызстанның Тәжікстанмен шекара арасы 970 шақырымды құрайды. Оның 519-ы белгіленген. Ал Қырғызстан мен Өзбекстанның шекарасы 1314 шақырым.